JUBAN MOLDAǴALIEV.100 JYL коллекциялық монетасы сатылымға шықты

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
JUBAN MOLDAǴALIEV.100 JYL коллекциялық монетасы сатылымға шықты
ашық дереккөз

Монеталарды kazcoins.nationalbank.kz интернет-дүкені арқылы сатып алуға болады. Ол үшін қолданушылар тіркеліп, жеке кабинет ашуға тиіс. Монетаның орталық бөлігіндегі аверсінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік елтаңбасы бейнеленген. Сол және оң жағында – ұлттық ою-өрнек элементтері көрініс тапқан. Монетаны айналдыра QAZAQSTAN ULTTYQ BANKI • NATIONAL BANK OF KAZAKHSTAN деген жазу бар. Төменгі бөлігінде – монетаның номиналын білдіретін «100 TEŃGE» жазуын оқуға болады. Монетаның реверсінде Жұбан Молдағалиевтің портреттік бейнесі орналастырылған. Сол жақта мерейтойлық датасы мен соғылған жылын білдіретін «100 JYL», «2020» деген таңбалар бар. Монетаның жоғарғы бөлігінен «JUBAN MOLDAǴALIEV» деген жазуды көресіз. Мельхиордан жасалған номиналы 100 теңгелік монеталардың бейнесі Техникалық өлшемдері: Монеталар МН 25 мельхиор қоспасынан дайындалған, массасы 15 грамм, диаметрі 33 мм, дайындау сапасы «brilliant uncirculated», номиналы 100 теңгелік, таралымы – 7 000 дана. Монеталар кәдесыйлық орамда шығарылады және коллекциялық құны бойынша сатуға арналған.