Елордада «Ashyq» жобасына 300-ге жуық мекеме қатысуда
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Елордада «Ashyq» жобасына 300-ге жуық мекеме қатысуда](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172111683528042080.webp)
Нұр-Сұлтан қаласында «Ashyq» жобасымен жұмыс істеуге ниет білдірген кәсіпкерлік нысандар қатары күн санап артып келеді, деп хабарлайды Елорда Инфо қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап. Қазіргі уақытта Нұр-Сұлтан қаласында «Ashyq» пилоттық жобасына 290 кәсіпкерлік субъектісі қатысуда. Оның ішінде 51 фитнес-клуб, 23 спа-орталық, 15 бассейн, 3 боулинг-клуб, 35 компьютерлік клуб, 22 сауна, 129 қоғамдық тамақтану ұйымы, 9 кинотетар, 2 театр, 1 филаромония бар. Сонымен қатар, бүгінгі күні жобаға ресми қатысушылардан басқа, тестілік режимде жұмыс істейтін 70-тен астам субъект қатысуда. «Ashyq» пилоттық жобасының негізгі мақсаты — келушілер мен қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Жұрт қоғамдық орындарға барып, өзін-өзі оқшаулау режимін сақтамайды. Осылайша вирустың таралуы мүмкін фактілермен жиі күресуге тура келеді. Яғни, "Ashyq" жобасы адамның мекемеге кірген кезде оның статусын анықтауға мүмкіндік береді: байланыста болған, COVID-19 үшін теріс немесе оң тест. Айта кетейік, қоғамдық мекемеге кірер алдында пайдаланушы арнайы QR-кодты сканерлейді және оны кіреберістегі әкімшіге ұсынады. Код келушінің мәртебесін анықтайды. Әр түске сәйкес мәртебе келесідей мағына береді: «Қызыл» мәртебе — ПТР-тест тапсырып, коронавирус анықталған адамға беріледі. Мұндай мәртебе иелері үйде оқшаулану режимін қатаң сақтауы тиіс. «Сары» – байланыста болған адамдарға берілетін мәртебе. Оларға азық-түлік алуға немесе үйдің жанындағы дәріханаға баруға рұқсат етілгенмен, басқа қоғамдық орындарға баруына тыйым салынады. «Көк» — ауру жұқтырған адамдармен байланыста болған адамдар есебінде жоқ, ПТР-тест (мысалы әуежайда) талап етілетін жерлерден басқа кез келген орында еркін қозғалу дегенді білдіреді. «Жасыл» – жүріп-тұруында шектеу жоғын білдіреді, мұндай адам базада COVID-19 індетіне ПТР-тестілеуі теріс нәтиже көрсеткен пайдаланушы болып саналады.