Лиссабоннан үш жүлде: Қазақстандық каратэшілер рейтингілік турнирді сәтті аяқтады
15 тамыз, 2024
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Лиссабоннан үш жүлде: Қазақстандық каратэшілер рейтингілік турнирді сәтті аяқтады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172111684535253343.webp)
ашық дереккөз
60 келіде Қазақстан командасы екі жүлде жеңіп алды. Қайсар Алпысбай финалда латвиялық Калвис Калныньштан басым түсіп, турнир жеңімпазы атанды.
Осы салмақта қола жүлде үшін өткен тартысты Қазақстан командасының үздігі Дархан Асаділов жеңіске жетті. Ол кіші финалда швейцариялық Лука Спитцтен айласын асырды.
Әйелдер арасында 50 келіде сынға түскен Мөлдір Жаңбырбай алтын медаль үшін өткен айқаста филиппиндік спортшыға есе жіберіп, күмісті қанағат тұтты.
Ұқсас жаңалықтар