Жібек Құламбаева Мысырдағы турнирдің чемпионы атанды

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Жібек Құламбаева Мысырдағы турнирдің чемпионы атанды
ашық дереккөз

Ж.Құламбаева жекелей сында финалға дейін жетті. Жібек италиялық Николь Фоссамен бірге ширек финалда жарыстың 3-ракеткалары, германиялық Наталья Седильская – босниялық Анита Хусаричті 6:2, 6:2 есебімен ұтты. Жартылай финалда турнирдің 2-ракеткалары, болгариялықтар Петья Аршинкова – Гергана Топаловадан басым түсті – 6:0, 6:3. Шешуші бәсекеде қазақстандық-италиялық жұпқа доданың 1-ракеткалары, ресейлік Элина Аванесян – румыниялық Оана Гаврила да қарсы тұрып жарытпады – 6:2, 6:3. Осылайша Ж.Құламбаева жұптық сында биылғы екінші, спорттық жолындағы сегізінші табысына қол жеткізді. Жекелей сында финалда Жібекке сәл-пәл сәттілік жетіспеді. Бұл жолы Э.Аванесянға 6:3, 4:6, 4:6 есебімен есе жіберді. Бұдан бұрын Жібек Элинаны өткен жылдың желтоқсанында дәл осы Мысырда ширек финалда ұтқан болатын – 6:3, 6:2.