Александр Куликов слаломды есуден Олимпиада жолдамасын жеңіп алды
15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат
ашық дереккөз
Ерлер арасындағы жекелей сында қазақстандық Александр Куликов жеңіске жетті. Оның уақыт көрсеткіші - 80.42. Бұл бәсекеде Олимпиада жолдамасы тек қана жеңімпаз спортшыға беріледі. Финалда бақ сынаған тағы бір қазақстандық спортшы Қуаныш Еренғайыпов 7-ші орыннан көрінген. Ақтық сында жалпы есебі он спортшы жарысқан болатын. Айта кетелік, Александр Куликов 2018 жылғы Азия ойындарында қола жүлдегер атанып, спорттың бұл түрінен Қазақстанға Азиаданың алғашқы медалін сыйлаған. Сондай-ақ, Куликов 2017 жылы Иранда өткен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатының жеңімпазы.
Ұқсас жаңалықтар