Қазақстандық теннисші АҚШ-тағы турнирдің жеңімпазы атанды
15 тамыз, 2024
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Қазақстандық теннисші АҚШ-тағы турнирдің жеңімпазы атанды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172111679432787480.webp)
ашық дереккөз
Доданың 1-ракеткалары болып тіркелген А.Данилина аустралиялық Арина Родионовамен бірге жарыс барысында барлық кездесуінде де жеңіске жетті. Финалда қазақстандық-аустралиялық жұп жаңазеландиялық Эрин Рутлиф – индонезиялық Алдила Сутджиадимен бас жүлдені сарапқа салды. А.Данилина мен А.Родионова 1 сағаттан сәл астам уақытқа созылған матчта қарсыластарын 6:1, 6:3 есебімен ұтты. Бұл – қазақстандық теннисшінің жұптық сындағы биылғы екінші табысы.
Ұқсас жаңалықтар