Асқар Мамин ел азаматтарын Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтады

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Асқар Мамин ел азаматтарын Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтады
ашық дереккөз

«Қымбатты отандастар, баршаңызды Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтаймын! Бұл мереке – біздің біртұтастығымыз бен баянды болашағымыздың символы.Қазақстанда әртүрлі ұлттың өкілдері тұрады, бірақ біз, қазақстандықтар – бір халықпыз. Көпұлтты қоғамдағы ұрпақтар бірлігі мен келісімінің арқасында Қазақстан барлық қиындықтарды еңсеріп, сындарлы тарихының түрлі кезеңдерінде табысты дамыды.Біздің бүгінгі ортақ мүддеміз – ұлтаралық келісім мен өзара түсіністікті сақтау және нығайту. Осындай дәстүрлі құндылықтар халқымыздың өмір сүру сапасын арттыра отырып, еліміздің тұрақты және серпінді әлеуметтік-экономикалық дамуының маңызды алғышартына айналды.Ортақ шаңырағымыз – Қазақстан Республикасының кемел келешегі біздің ынтымағымызға, жасампаз еңбегімізге, күш-қуатымызға және ең күрделі жалпыұлттық міндеттерді шешудегі табандылығымызға байланысты.Бірлік күні бізді Қазақстанның игілігі үшін жаңа жетістіктер мен табыстарға бастай берсін! Барлық отандастарымызға, әрбір отбасына зор денсаулық, татулық пен бақ-береке тілеймін!» - делінген Премьер-Министр құттықтауында.