«Поэзия, менімен егіз бе едің?!». Мұқағалидың 90 жылдығына арналған жас ақындар мүшәйрасы өтеді

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
«Поэзия, менімен егіз бе едің?!». Мұқағалидың 90 жылдығына арналған жас ақындар мүшәйрасы өтеді
ашық дереккөз

Байқауға 18-35 жас аралығындағы үміткерлер қатыса алады. Байқау 2 тапсырмадан тұрады. Қатысушы М. Мақатаевқа арнаған өлеңінде ақынның поэзияда алатын орнын, айрықша ақындық «менін», суреткерлік бейнесін, қаламгерлік шеберлігін танытуы керек. Екіншіден, қатысушының тіл тақырыбына арналған өлеңі. Ана тіліміздің баға жетпес байлығы, сөз құдіреті, сонымен бірге бабалардан қалған асыл қазынамыз және мемлекеттің басты тілі екендігі көрініс табуы тиіс. Шығарма көлемі 2-3 минуттан аспауы керек. «Байқауға қатысушы үміткер өздері туралы мәліметті және шығармаларын 5 мамырға дейін ryhaniat@gmail.com  поштасына жолдауы қажет. Іріктеуден өткен шығармалар 6 мамыр күні ZOOM платформасы арқылы онлайн түрде өтетін мүшайраға қатысады», деп көрсетті ұйымдастырушылар. Іріктеуден өткен шығармалар Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы мен «Руханият» КММ әлеуметтік желілерінде жарияланатын болады. Жеңімпаздары бағалы сыйлықтармен және дипломдармен марапатталады.