Елордада Батырхан Шүкеновке ескерткіш орнатылады
15 тамыз, 2024
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Елордада Батырхан Шүкеновке ескерткіш орнатылады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/17211168765200212.webp)
ашық дереккөз
Нұр-Сұлтанда талантты әнші, композитор Батырхан Шүкеновке арнап ескерткіш орнатылады, деп хабарлайды Елорда Инфо қала әкімдігіне сілтеме жасап. Елорда әкімдігі осыған арнап үздік эскиз-идеясына байқау жариялады. Ұсыныстарды Birge платформасына (https://birge-elorda.kz/nur-sultan/) оң жағынан төменгі бұрышындағы «Кері байланыс» батырмасы арқылы жіберуге болады. Қалалық саябақта композитор Батырхан Шүкеновке ескерткіш орнату жоспарланып отыр. Жоба демеушілік қаражат есебінен жүзеге асырылады. Көрнекті әнші және композитор Батырхан Шөкенов 1962 жылы 18 мамырда дүниеге келген. Оның қайтыс болғаны туралы ақпарат бүкіл елді және әншінің миллиондаған тыңдарманын есеңгіретіп жіберді.
Ұқсас жаңалықтар