Сархат Бейсенова: Жыл басынан бері қала бойынша COVID-19-бен ауырғандардың саны 26 мыңнан асты
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Сархат Бейсенова: Жыл басынан бері қала бойынша COVID-19-бен ауырғандардың саны 26 мыңнан асты](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172111690825757760.webp)
«Нұр-Сұлтан қаласындағы CОVІD-19 ауруы бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақсыз болып қалуда, қала бір жарым ай бойы «қызыл аймақта» тұр. Күніне 300-ден 600-ге дейін жағдай тіркеледі. Жыл басынан бері қала бойынша ауырғандардың саны 26 мыңнан асты, пандемия басталғаннан бері 44 562 жағдай тіркелді (оның ішінде 29 338 - симптоматикалық және 15 224-симптомсыз)», - дейді Нұр-Сұлтан қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері. Ол сөзін жалғай отырып, соңғы 6 күнде қалада 100 мың тұрғынға шаққандағы апталық сырқаттанушылық көрсеткіші 320-дан 285-ке дейін аздап төмендегенін айтып өтті. «Бір апта ішінде COVID-19 ықтимал оқиғаларымен 3371 жағдай тіркелген, сырқаттанушылық көрсеткіштері алдыңғы аптадан 11%-ға төмен (алдыңғы апта – ықтимал оқиғалармен 3808), 100 мың тұрғынға шаққандағы қарқынды көрсеткіш – 283,6 құрады. Репродуктивті саны-0,95. Тәулігіне 584 бастапқы жағдай тіркелді (симптомдары бар 462 жағдай, 122 симптомсыз жағдай). Қазіргі уақытта қалада белсенді ошақтар саны – 2553, оның ішінде: үй – 1724, ұйымдастырылғандар арасында – 829. Медициналық бақылауда 5572 байланыста болған адам бар», - деді Сархат Бейсенова. Оның айтуынша ауырғандардың ең жоғары деңгейі бұрынғыдай ересектер арасында тіркеліп отыр. Олар жалпы науқастардың 79,7%-ын құрайды, балалар үлесі 17,4%-ды, жасөспірімдер 2,9%-ды құрайды. Ересектер арасында 29,8%-ы 30-39 жас тобына, 20,5%-ы 18-29 жас аралығын құрайды.