Демалыс күндері ауа райы қандай болады
![Зарина Сәрсенбайқызы](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Демалыс күндері ауа райы қандай болады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173892270246107131.webp)
Синоптиктер демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Метеорологтардың мәліметінше, демалыс күндері еліміздің батысында, солтүстік-батысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.
Ал республиканың қалған аумағында атмосфералық фронттардың әсерінен жауын-шашын (қар, жаңбыр) түсіп, көктайғақ болуы мүмкін. Қазақстанның шығысында боран соғып, екпінді жел тұруы ықтимал. Сондай-ақ республика бойынша тұман күтіледі.
Бұдан бөлек, батыста түнгі уақытта ауа температурасының -5…-13°С-қа дейін, солтүстік-батыста -13…-21°С-қа дейін, солтүстікте -7…-15°С-қа дейін, шығыста және орталықта -12…-20°С-қа дейін, оңтүстікте -1… -15°С-қа дейін, оңтүстік-шығыста -5…-10°С-қа дейін, таулы аудандарда -13…-23°С-қа дейін төмендеуі күтіліп отыр.