Синоптиктер еліміздің бірқатар өңірінде күн райы бұзылатынын ескертті
15 тамыз, 2024
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Синоптиктер еліміздің бірқатар өңірінде күн райы бұзылатынын ескертті](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/1721116903103717.webp)
ашық дереккөз
«Атмосфералық фронтальді бөліктердің өтуімен республиканың басым бөлігінде жауын-шашын болады, жел күшейеді. Елдің орталығында, шығысында және оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр, найзағай күтіледі, бұршақ жаууы мүмкін. Сондай-ақ, Скандинавия аудандарынан антициклонның келуімен Қазақстан аумағында ауа температурасы төмендейді деп күтілуде. Солтүстік жартысында түнде 3 градусқа дейін үсік жүреді, күндіз 10-15 градусқа дейін, оңтүстік жартысында түнде 7-15 градусқа дейін, күндіз 18-28 градусқа дейін жылы болады», деп көрсетті «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі.
Ұқсас жаңалықтар