Қасым-Жомарт Тоқаев «Спутник V» вакцинасының екінші дозасын салдырды
15 тамыз, 2024
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Қасым-Жомарт Тоқаев «Спутник V» вакцинасының екінші дозасын салдырды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172111692331037029.webp)
ашық дереккөз
«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін «Спутник V» вакцинасының екінші компонентін алды. Екпе салдырғаннан кейін Президенттің денсаулығында ешқандай кінәрат байқалған жоқ. Өзінің жұмыс кестесіне сәйкес қызметін қызу атқарып жатыр. Қасым-Жомарт Кемелұлы еліміздегі вакцинация қарқынын төмендетпеу керек деп санайды. Мемлекет басшысы екпе салдыру барлық шектеулерден арылтып, қайта қалыпты өмірге бастайтын, COVID-19 пандемиясын жеңетін жалғыз жол екеніне кәміл сенеді», деп жазды Б.Уәли facebook желісіндегі парақшасында.
Ұқсас жаңалықтар