Қазақстандық теннисші Мысырдағы турнирде жеңімпаз атанды
15 тамыз, 2024
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Қазақстандық теннисші Мысырдағы турнирде жеңімпаз атанды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172111698916668894.webp)
ашық дереккөз
23 жастағы теміртаулық спортшы жүлде қоры 15 мың АҚШ долларына бағаланған додаға Қазақстаннан жалғыз қатысты. Ол 25 жастағы германиялық Кай Вехнельтпен бірге кездесулерінің бәрін жеңіспен аяқтады. Финалда қазақстандық-германиялық жұп аргентиналық Хуан Игнасио Гапарсу – Хуан Пабло Пасты 6:4, 6:2 есебімен тізе бүктірді. Оның алдында Г.Ломакин мен К.Вехнельт америкалық Оливер Кроуфорд – германиялық Бенедиктіні 3:6, 6:3, 10:8, жапониялықтар Шохей Чиками – Римпей Кавакамиді 6:2, 7:6 және италиялық Даниэли Капеччи – Франческо Пассароны 3:6, 6:3,10:5 есебімен жеңді.
Ұқсас жаңалықтар