Елордада «Әскери патриоттық әндер байқауы» өтеді
Сайысқа «Жас Сарбаз» тәрбиеленушілерімен қатар, оқушылар және колледж студенттері қатыса алады. «Үміткерлер 30 сәуірге дейін jassarbaz.astana@mail.ru электронды почтасына видеоролигін жолдауы керек. Қатысушылар жіберген видеороликтердің үздіктері таңдалып, @jas_sarbaz_nursultan инстаграм парақшасына шығарылады. Шығарылған видеороликтердің авторлары 30 сәуірден-5мамырға дейін лүпіл, пікір жинайды. Видеожазбамен қатар, қатысушының аты-жөні, мектеп (Колледж) номері, орындағын әннің аты және авторы белгіленуі керек», деп көрсетті ұйымдастырушылар. Орындаушы әнді жанды дауыста орындау керек және фонда артық заттар болмауы тиіс. Байқау жеңімпазы, байқау өтіп жатқан парақшадағы видеожазба астына жиналған пікірлер арқылы және төрешілер құрамының шешімімен анықталады.