Мемлекет басшысы «Qazaq Republic» жобасының авторы Сәкен Жолдасты қабылдады
15 тамыз, 2024
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Мемлекет басшысы «Qazaq Republic» жобасының авторы Сәкен Жолдасты қабылдады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/17211169843813025.webp)
ашық дереккөз
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа «Qazaq Republic» брендінің дамуы, жаңа әзірлемелер мен жобалардың іске асырылуы жайында баяндалды. Сәкен Жолдас Қасым-Жомарт Тоқаевқа отандық кәсіпкерлердің пандемия жағдайындағы жұмысы, бизнестің түйткілді мәселелерінің шешімі және мемлекеттік құрылымдар тарапынан көрсетіліп жатқан қолдау туралы айтты. Сондай-ақ әңгімелесу барысында қазақстандық заманауи бірегейлікті қалыптастыру жөнінде ұсыныстар айтылды. Президент еліміздегі креативті индустрияны дамытуға мемлекет ерекше көңіл бөліп отырғанын атап өтті.
Ұқсас жаңалықтар