Қазақстандық барбер қыз әлемдік жұлдыздар назарына ілікті

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Қазақстандық барбер қыз әлемдік жұлдыздар назарына ілікті
ашық дереккөз

Оның жұмысына ресейлік танымал жұлдыз Моргенштерн, Алексей Щербаков және бразилиялық футболшы Неймардың жеке барбері баға беріп үлгерді. Меруерт Давлетова бұл салада жүргеніне 4 жыл болған. Ол желкеге танымал тұлғалардың бейнесін келтіріп шаш қиюды 2018 жылы бастаған екен, бірақ ол кезде аса назарға іліге қоймаған. Абай Құнанбаевтың бейнесін келтіріп шаш қиып, ақынның өлеңін оқыған видеосы желіде танымал болып алғаш рет БАҚ-та айтыла бастады. [caption id="attachment_76831" align="alignnone" width="296"] фото Меруерт Давлетова/ Instagram[/caption] Қазір Меруерт жайлы отандық және бірнеше шетелдік медиа жазып, жұмыстарын танымал тұлғалар бөлісіп жүр. Меруерттің туындыларының қатарынан Джиган, DMX, “Что было дальше” жобасының резиденттерін, тіпті президент Қасым-Жомарт Тоқаевтің портретін көруге болады.