Ресейдегі халықаралық турнирде қазақстандық боксшылар финалға шықты
15 тамыз, 2024
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Ресейдегі халықаралық турнирде қазақстандық боксшылар финалға шықты](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172111694248385952.webp)
ашық дереккөз
Естеріңізге сала кетелік, жартылай финалға елімізден жеті боксшы жолдама алған еді. Олардың арасынан төртеуі жарысты жалғастыруға мүмкіндік алса, үшеуі қола жүлдені қанағат тұтты. Финалға шыққан төрт боксшының үшеуі ресейлік қарсыластарымен қолғап түйістірді. Атап айтқанда, Махмуд Сабыржан (52 келі) Василий Егоровтан, Әбілхан Аманқұл (75) келі Андрей Ковальчуктен, Бекзат Нұрдәулетов (81 келі) Андрей Коменковтен мықты екенін дәлелдеді. Ал, Асланбек Шымбергенов (69 келі) өзбекстандық Бобо-Усмон Батуровтан айласын асырды.
Ұқсас жаңалықтар