«Болашақ» бағдарламасы бойынша әлемнің 207 университетінде оқуға болады – БҒМ

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
«Болашақ» бағдарламасы бойынша әлемнің 207 университетінде оқуға болады – БҒМ
ашық дереккөз

«Болашақ» бағдарламасы бойынша оқуға ұсынылатын шетелдік жоғары оқу орындарының және шетелдік ұйымдардың тізіміне өзгерістер енгізілді. Биыл бұл тізім 207 жоғары оқу орнына дейін ұлғайтылды. 2020 жылы тізімдегі ЖОО саны 138 болатын. Тізімде үш халықаралық академиялық рейтингке кіретін және екі және одан да көп Халықаралық академиялық рейтингтің (QS, Times Higher Education (THE), Academic Rankings of World Universities (ARWU) алғашқы қатарындағы 27 елдің 207 шетелдік жоғары оқу орны бар.