Елордада телефон ұрлаған такси жүргізушісі ұсталды
15 тамыз, 2024
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Елордада телефон ұрлаған такси жүргізушісі ұсталды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/1721117056815890.webp)
ашық дереккөз
Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында ұрлық жасады деген күдіктіні ұстады. «Тергеу барысында, ұсталғанның такси жүргізушісі болып жұмыс істегені анықталды. Ол кезекті тапсырысын орындай отырып, тұрғын үйдің ауласындағы шұңқырға түсіп кеткен. Ер адам сол уақытта жақын маңда өзінің көлігін қойып жатқан әйел адамды байқап, одан көмек сұраған. Жүргізушіге көмектесу кезінде әйел адам өзінің «iPhone 6» маркалы ұялы телефонын түсіріп алған. Күдікті сол уақытты пайдаланып, телефонды жымқырған», деп көрсетті полицейлер. Ұсталған ер адам кінәсін мойындады. Ұрланған телефон иесіне қайтарылды. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізілуде.
Ұқсас жаңалықтар