Қазақстандық балуан ММА-ге ауысты
15 тамыз, 2024
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Қазақстандық балуан ММА-ге ауысты](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172111709320030680.webp)
ашық дереккөз
Лига президенті Нұрбек Қарабала бұл жайында Instagram желісіндегі парақшасында мәлім етті. Сондай-ақ, NFC-мен 23 жастағы шешенстандық Джохар Ескиев де (5-2) келісімшартқа қол қойғаны хабарланды. Нұрғали Нұрғайыпұлы ұлттық құрамада 92 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен, Нұр-Сұлтандағы әлем чемпионатында бесінші орын алды. Дінмұхамед Қонаев пен Вацлав Циолковский мемориалдарында күміс жүлдегер атанған, ал 2017 жылы құрама сапында Ирандағы кубокта үшінші орын иеленген.
Ұқсас жаңалықтар