Қазақстан өңірлерінде шамамен 188 мың вакцина дозасы бар – А. Цой

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Қазақстан өңірлерінде шамамен 188 мың вакцина дозасы бар – А. Цой
ашық дереккөз

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой қазіргі жағдай, халықты вакцинациялау барысы және қабылданып жатқан шаралар туралы баяндады. Әлемде COVID-19 ауруы мен өлім-жітімі бойынша жағдай әлі де күрделі. Бүгінгі таңда әлемде КВИ-дің 141 млн-нан астам жағдайы тіркелген, тәулігіне 700 мыңнан астам жағдай тіркелген. 3 млн-нан астам адам қайтыс болды, өлім көрсеткіші 2,1% құрады. ДДСҰ-ның алты аймағының бесеуінде аурудың өсу тенденциясы байқалады. 221 ел қатысатын әлемдік рейтингке сәйкес, Қазақстан сырқаттанушылық көрсеткіші бойынша 110-орында, ал өлім-жітім көрсеткіші бойынша 107-орында тұр. Бүгінде Қазақстанда COVID-19 оң нәтижесімен 292 250 науқас және - КВИ бойынша 51 890 жағдай тіркелген. «Эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес республика 22 күн бойы қызыл аймақта тұр. Сондай-ақ, қызыл аймақта 8 өңір бар. Жасыл аймақта тек Түркістан және Қостанай облыстары бар. Қалған өңірлер сары аймақта», — деп атап өтті денсаулық сақтау министрі. Оның айтуынша, наурыз айының соңынан бастап эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауы байқалады, ол кезде апта сайынғы ауру алдыңғы аптаға қарағанда 46%-ға өсті. Алайда, осы аптада алдыңғы аптамен салыстырғанда апталық сырқаттанушылықтың өсу қарқынының наурыз айының соңынан 46%-дан өткен аптада 6%-ға дейін төмендеу үрдісі байқалады. Өткен аптада өлім-жітімнің өсуі алдыңғы аптаға қарағанда 22%-дан 8%-ға дейін төмендеді. Бүгінде барлық өңірлер күшейтілген санитарлық-эпидемиологиялық шаралар қабылдады. «Дәстүрлі формат енгізілгеннен бері оқушылар арасында КВИ ауруының өсуі байқалады. 4 тоқсанның басталуымен 3 706 оқушы ауырып қалды, оның ішінде офлайн оқитын оқушылар арасында – 1093, онлайн режимде – 2613. Оның ішінде дәстүрлі форматта оқитын оқушылардың ең көп пайызы 4 тоқсанда Қарағанды, Қызылорда және Солтүстік Қазақстан облыстарында байқалады. Онлайн режимде оқитындар арасында: Нұр-Сұлтан және Алматы қалалары», — деп хабарлады Алексей Цой. Осыған байланысты әкімдіктер білім беру ұйымдарында санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуына және КВИ профилактикасының негізгі шараларының орындалуына тұрақты бақылауды қамтамасыз етуі қажет. Мысалы, таңертеңгі сүзгі өткізу, персоналдың маска тағу режимін сақтауы, үй-жайларды ылғалды жинау және дезинфекциялау, сондай-ақ қызыл аймақтағы өңірлерде офлайн режимде оқытуды бастамау. Өңірлер бөлінісінде төсек-орындардың күнделікті толтырылу мониторингіне сәйкес биылғы 20 сәуірдегі жағдай бойынша республикада инфекциялық төсек-орындарының жүктелуі 41%, реанимациялық төсек-орындары 27% құрайды. Инфекциялық төсек орындарының ең көп пайдаланылуы Батыс Қазақстан облысында 63%, Алматы облысында 61% және Алматы қаласында 56% байқалады. Реанимациялық төсек орындарының ең көп жүктелуі Алматы қаласында – 53% және Нұр-Сұлтан қаласында – 56%. «19 сәуірдегі жағдай бойынша ҚР стационарларында 14 147 пациент жатыр, олардың ішінде ауыр және өте ауыр жағдайдағы науқастар арасынан реанимацияда 775 адам немесе 5% жатыр. Ауыр жағдайдағы науқастардың Алматы қаласында – 32%, Нұр-Сұлтан қаласында – 13%, Алматы облысында – 6% жатыр. 2021 жылы 2 мыңнан астам шалғайдағы ауылдық елді мекендердегі 2,6 млн астам тұрғынды жылжымалы медициналық кешендер арқылы медициналық көмекпен қамту жоспарлануда», — деп нақтылады денсаулық сақтау министрі. Ауыл тұрғындары үшін вакцинацияның қолжетімділігін арттыру мақсатында вакцинация жылжымалы медициналық кешендерді пайдалана отырып ұйымдастырылады. Бүгінгі таңда өңірлерде шамамен 188 мың доза вакцина бар. Вакцинаны жеткізу кестеге сәйкес кезең-кезеңмен жүзеге асырылады. Вакцинациялау қарқынының өсуі байқалады, вакцинациялаумен қамту тәулігіне 70 мыңнан астам адамға дейін ұлғайды. Айдың соңына дейін шамамен 2 млн азаматтың вакцинацияға қол жеткізуін қамтамасыз ету жоспарлануда. Өңірлерде вакцинациялаудың күнделікті жоспарын орындау мониторингі қамтамасыз етіледі. Кестеден кешігу 3 өңірде: Нұр-Сұлтан қаласында, Маңғыстау және Қарағанды облыстарында байқалады. Осыған байланысты аталған өңірлердің әкімдіктері вакцинация кестесінің сақталуын қамтамасыз етуі қажет және вакцина пайдаланылмаған жағдайда оны басқа өңірлерге қайта бөлу бойынша шаралар қабылданатын болады. Қажеттілікті ескере отырып, егу пункттерінің саны үнемі артып келеді. Бүгінгі таңда өңірлерде иммундау 1051 егу пунктінде жүргізілуде. «Сонымен қатар алыс аудандарда, ұйымдасқан ұжымдарда, адамдар көп жиналатын жерлерде КВИ-ға қарсы вакцинация жүргізу үшін 303 көшпелі егу бригадалары жұмылдырылды. Иммундау науқанына 10 мыңнан астам медицина қызметкері тартылған. Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент, Көкшетау, Қостанай, Қарағанды қалаларында егу пункттері сауда орталықтарында, базарларда, ұйымдастырылған ұжымдарда ашылды, онда вакцинация демалыс күндері де қолжетімді, бұл халықтың вакцинацияға қолжетімділігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», — деп хабарлады Алексей Цой. Денсаулық сақтау министрлігі халықты вакцинациялаумен қамтуды ескере отырып, КВИ таралуының даму болжамын өзектендіруде. Оптимистік сценарий бойынша вакцинацияны кестеге сәйкес жалғастырған жағдайда сәуір айының соңында шарықтау шегімен тәулігіне 3000-ға дейін жағдай тіркеледі деп күтілуде. Нақты сценариймен және кестеге сәйкес вакцинациямен қамту арқылы тіркелу мамыр айының ортасында шарықтау шегімен күніне 4000 жағдайға жетуі мүмкін. Вакцинациядан болатын әсер бірінші кезеңде иммунитетті қалыптастыруға қажетті уақытпен және халықтың көп санын бір мезетте вакцинациялаудың мүмкін еместігімен шектелетін болады. Кейіннен вакцинацияның әсері күшейіп, елдегі эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтануына әсер етеді. Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Трұмов жалпы облыс бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты екенін хабарлады. Облыста COVID-19 вирусын жұқтырғандардың саны 5 042 құрады, бүгінгі күні 4 461 азамат немесе 88%-ы жазылды. Соңғы тәулікте КВИ 80 адамда анықталды, репродуктивті көрсеткіш – 1,3. Денсаулық сақтау объектілері штаттық режимде жұмыс істейді. Қазіргі уақытта халыққа 432 инфекциялық және 54 реанимациялық төсек орны бар 11 стационар қызмет көрсетеді. «Бүгінгі таңда стационарларда 184 адам емделуде, оның ішінде 14 адам реанимацияда. Төсек орын жүктемесі 42% құрайды. Қажет болған жағдайда резервте толық жабдықталған қосымша 2452 төсек-орын, 131 реанимациялық төсек-орын бар. Дәрі-дәрмектермен және жеке қорғаныс құралдарымен қамтамасыз ету мәселесі де ерекше бақылауда. Медициналық мекемелер мен дәріханаларда 2 айға дәрі-дәрмектер мен жеке қорғаныс құралдарының қоры құрылды. Облыстың жедел жәрдем автопаркі 100% жаңартылды», — деп атап өтті Маңғыстау облысының әкімі. Бұдан өзге, медициналық ұйымдар қажетті жабдықтармен толық көлемде қамтамасыз етілген. Қазіргі уақытта облыс бойынша 1 жылжымалы және 10 зертханалық орталық жұмыс істейді, ПТР әдісімен 340 мың адам тексерілді. Олар 1 тәулікте орта есеппен 1300-ден астам тест жасай алады. КВИ-ға қарсы вакцинация жұмыстары жалғасуда. 417 медицина қызметкері аттестациядан өтіп, вакцинациялауға дайын. Аймаққа барлығы екі компонент бойынша 39550 доза вакцина жеткізілді, оның ішінде 15729 вакцина егілді. Облыс бойынша вакцинациялау үшін ірі өндірістік объектілер мен әлеуметтік объектілерде 28 егу кабинеті және 3 жылжымалы егу пункті ашылды. Сондай-ақ мұнай компанияларының вахталық қалашықтарында вакцинация басталды. Халық арасында вакцина туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары белсенді жүргізілуде. Өңірлік коммуникациялар орталығында осы тақырыптың маңыздылығы туралы 11 рет брифингтер өткізілді. Бұқаралық ақпарат құралдарында және әлеуметтік желілерде 10 мыңға жуық ақпараттық материалдар жарияланды, телеарна бойынша вакцинациялаудың маңыздылығы туралы бейнероликтер тұрақты түрде көрсетілуде, әлеуметтік желілер арқылы тарату бойынша жұмыстар жалғасуда. Сондай-ақ, ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу үшін спикерлер пулы және арнайы медиажоспар құрылды. Облыста осы бағытта көшеде 28 билборд орнатылған. Облыс, қала және аудан жастарының қатысуымен 20 000 дана вакцина бойынша парақшалар-жадынамалар таратылды. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасатын болады. Мониторингтік топтардың жұмысы күшейтілді. Жыл басынан бері 24 мониторингтік топ пен полиция қызметкерлері 2348 рейдтік іс-шара өткізді. Соның нәтижесінде 95 карантиндік талаптарды бұзу фактісі анықталып, 19 хаттама толтырылды. Эпидемиологиялық жағдай тұрақты бақылауда, жедел шешуді талап ететін мәселелер штабтың күнделікті отырысында қаралады. Осы бағыттағы бірлескен жұмыс одан әрі жалғасатын болады.