Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық сайлау комиссиясының төрағасын қабылдады

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық сайлау комиссиясының төрағасын қабылдады
ашық дереккөз

Қасым-Жомарт Тоқаевқа сайлау органдарының екінші жартыжылдықта өтуге тиіс аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдық округтердің, кенттердің және ауылдық округтерден тыс ауылдардың әкімдерін тікелей сайлауға дайындығы туралы баяндалды. Сонымен қатар пандемия кезінде өтетін сайлау барысында азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары талқыланды. Кездесу қорытындысы бойынша Қасым-Жомарт Тоқаев Берік Имашевқа бірқатар нақты тапсырма берді.