Сәуірде COVID-19 жұқтыру көрсеткіші 50 пайызға артты – Сархат  Бейсенова

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Сәуірде COVID-19 жұқтыру көрсеткіші 50 пайызға артты – Сархат  Бейсенова
ашық дереккөз

Ауырғандардың ең жоғары деңгейі бұрынғыдай ересектер арасында тіркелген, олар жалпы сырқаттанушылықтың 79,9%-ын құрайды, балалар үлесі 17,3%-ды және жасөспірімдер 2,8%-ды құрайды. Ересектер арасында 30%-ы 30-39 жас аралығындағы топқа тиесілі. Сәуір айынан бастап егде жастағы адамдар арасында жағдайлардың 2,2%-ға, 18-29 жастағы адамдар арасында 0,7%-ға өсуі байқалады. «Наурызда динамикада 14 жасқа дейінгі балалар арасында ақпан айымен салыстырғанда 2,3 есе өсу байқалды, яғни ақпанда – 479 жағдай, наурызда – 1 106 жағдай, сәуірдің алғашқы 20 күнінде наурыз айымен салыстырғанда 1,3 есе – 1 447 жағдайдың өсуі байқала тұра, сәуір айында жалпы сырқаттанушылық құрылымындағы балалардың үлес салмағы 0,8%-ға азайды, бұл әсіресе 7-10 жас аралығындағы топ оқушыларына қатысты қабылданған шектеу іс-шараларының тиімділігін көрсетеді, онда төмендеу 5%-дан 4%-ға дейін болды. Балалар арасында ең жоғары аурушаңдық 3-10 жас тобында 54,5%-ды құрайды», - деді С.Бейсенова. Сырқаттанушылық құрылымында ауырғандардың негізгі үлесі жұмыс істейтін халыққа тиесілі – 43,6%, жұмыс істемейтіндер – 23,4%, зейнеткерлер – 15,3%, оқушылар – 11,1%. Бұл ретте сәуір айында жұмыс істейтіндер арасында ауырғандардың үлес салмағы 4,2%-ға, жұмыс істемейтін халықтың 5,5%-ға, сондай-ақ оқушылар арасында 4%-ға төмендегені байқалады. «Коронавирустық инфекцияны тіркеуді жалғасуының негізгі себептері тұрғындардың карантиндік шараларды сақтамауы, атап айтқанда адамдар көп жиналатын орындарға бару, бетперде кимеу, сондай-ақ негізгі себептердің бірі амбулаториялық науқастардың да, жақын байланыста болған адамдардың да үй карантині режимін сақтамауы болып табылады. Тыйым салынғанға қарамастан, кісілер үй карантинін бұзуда, бұл олардың Ashyq жобасына қатысушылардың нысандарына баруымен расталады, ол бойынша сәуір айында ғана үй карантинін бұзушылардың 189-ы, оның ішінде 89 науқас және 100 байланыста болған адам анықталды», - дейді ол.