Қазақстан бокс федерациясына жаңа атқарушы директор тағайындалды

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Қазақстан бокс федерациясына жаңа атқарушы директор тағайындалды
ашық дереккөз

Маратбек Мықтыбеков - дзюдо федерациясында вице-президент, президент міндеттерін және Алматы бокс федерациясының атқарушы директоры, Азия бокс конфедерациясының кеңесшісі қызметтерін атқарған тәжірибелі спорт менеджері. Сондай-ақ, ол самбодан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионы, дзюдодан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының алғашы жүлдегері, халықаралық дәрежедегі спорт шебері. «Құрама командалар пандемия кезіндегі қиын кезеңде өздерін жоғалтып алған жоқ. Боксшылар Олимпиада ойындарына психологиялық тұрғыдан дайын», - дейді жаңа атқарушы директор.