Головкин Жапонияда Риото Муратамен жұдырықтасуы мүмкін

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Головкин Жапонияда Риото Муратамен жұдырықтасуы мүмкін
ашық дереккөз

Инсайдер Крис Мэнникстің сөзіне қарағанда, тараптар жекпе-жек туралы келіссөздерді бастап та кетті. Кездесу 31 желтоқсанда Жапонияда өтеді деп күтілуде. Дәл осы ақпаратты Matchroom Boxing басшысы Эдди Хирн де растады. Бірақ Головкин алдымен жазда Деметриус Андрадемен, ал жылдың аяғында Риото Муратамен кездеседі. Еске салайық, GGG өткен жылы желтоқсан айында Камил Шереметамен жекпе-жек өткізіп, нокаутқа жіберген еді. Риото Мурата өзінің соңғы жекпе-жегінде 2019 жылдың желтоқсанында канадалық Стивен Батлерді жеңді.