Нұр-Сұлтанда Орталық Азиядағы ең ірі мешіттің құрылысы жүріп жатыр

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Нұр-Сұлтанда Орталық Азиядағы ең ірі мешіттің құрылысы жүріп жатыр
ашық дереккөз

«Қалада республика мен Орталық Азиядағы ең үлкен мешіттің құрылысы жүріп жатыр. Негізгі күмбездің биіктігі шамамен 90 метрді құрайды, ал мұнаралар 130 метр биіктікке көтеріледі. Мешіттің сыйымдылығы — 30 мың адам. Құрылыс Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша демеушілік қаражат есебінен жүргізілуде. Бүгін осы мешіттің құрылыс барысымен таныстым. Ол Қабанбай батыр мен Мәңгілік Ел даңғылдарының арасында орналасқан. Өз тарапымыздан инженерлік желілер мен коммуникацияларды тарту жұмыстарын жүргіземіз. Сондай-ақ аумақты абаттандырып, ағаш отырғызамыз. Бұл мешіт еліміздің тұрғындары үшін ғана емес, туристер үшін де тартымды нүктеге айналады», — деп жазды елорда әкімі.