Ақмола облысында «7 қазына – ұлт ырысы» атты керуен өтті

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Ақмола облысында «7 қазына – ұлт ырысы» атты керуен өтті
ашық дереккөз

https://www.youtube.com/watch?v=d3NQRFniaIA "Әлемді таң қалдырар бабалар ілімінің танымдық дәрежесінің бір биігі - «жеті қазына». Жеті қазына сөзін естігенде оны ұлтымыздың тамаша танымы ретінде әлемдік байлықты көргендей болатынымыз рас. Қазақ халқы ұлы дала заңына сай әр адамның өмір сүруде өзін бақытты сезінуіне қажетті дүниелерді – "Жеті қазына" деп атаған. Сол жеті қазынасы бар адам өмірдің бар рахаты мен қызығын көрді деген сөз. Өйткені ол жерде ең қажетті дүниелер айтылған. Қазақ халқы ертеде жеті қазынаға мыналарды жатқызған: Ер жігіт, Сұлу әйел, Ілім – білім, Жүйрік ат, Құмай тазы, Қыран бүркіт, Берен мылтық", - делінген Ақмола облысы Мәдениет, архивтер мен құжаттамалар басқарамасының баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.