Аляскада радардан жоғалып кеткен ұшақ апатқа ұшырады
![Ернұр Қайнар](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Аляскада радардан жоғалып кеткен ұшақ апатқа ұшырады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173899312046430044.webp)
Беринг Эйр ұшағы бейсенбі күні Аляска үстінде радар экранынан жоғалып кетіп, он адам қаза тапты. Бұл туралы ТАСС мәлім етті, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Associated Press агенттігі АҚШ жағалау күзетіне сілтеме жасап, ұшақ апаты туралы мәлімдеді.
Оқиғаның себептері әлі жарияланған жоқ. Уналаклеттен Номе бағытында ұшқан ұшақта тоғыз жолаушы мен ұшқыш болған. Америкалық NBC телекомпаниясы өз кезегінде ұшақтың Номе қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 34 мильде (54,7 км) табылғанын айтты.
Бұған дейін Аляска билігі жоғалған ұшақты іздеп жатқанын жазған болатын. Айта кетейік, бұл – екі аптадан аз уақыт ішінде АҚШ-тағы үшінші әуе апаты.
Еске салайық, қаңтар айының соңында Вашингтон маңындағы Рональд Рейган әуежайының маңында жолаушылар ұшағы мен тікұшақ ауада соқтығысып, Потомак өзеніне құлаған болатын. Салдарынан 67 адам қаза тапты.
Ақпан айының басында Филадельфияның солтүстік-шығысында медициналық эвакуация ұшағы әуеге көтерілгеннен кейін көп ұзамай апатқа ұшырады. Борттағы алты адам мен жерде көліктегі бір адам түгел қаза тапты.
![Қырғызстан әнұранын жаңарту үшін республикалық байқау өткізуді жоспарлады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173892665529556565.webp)
![АҚШ-та тағы да жолаушылар ұшағы соқтығысты (ВИДЕО)](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173881638534899324.webp)
![Әйел сатылған үйінің жертөлесінде жеті жыл бойы жасырын тұрып келген](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173875355418645790.webp)
![Қырғыздар тегіндегі «-ов», «-ев» жалғауларынан жаппай бас тартып жатыр](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173866848248617320.webp)