Вашингтонда ұшақ өзенге құлады

Вашингтонда ұшақ өзенге құлады
Фото: freepik

Ұшақ АҚШ астанасы Вашингтонда Потомак өзеніне құлады, деп хабарлады Elordainfo.kz BBC-ке сілтеме жасап.

Апат Ақ үй мен Капитолийден оңтүстікке қарай төрт шақырым жерде орналасқан Рональд Рейган атындағы әуежай маңында болды.

Әуежай рейстерді уақытша тоқтатты.

Reuters агенттігі сенатор Джерри Моранға сілтеме жасай отырып, құлаған ұшақ Канзас штатынан ұшып келе жатқанын хабарлады. Вашингтонда құлаған лайнер қонар кезде әскери тікұшақпен ауада соқтығысқаны анықталды.

Американдық баспасөз бұл туралы АҚШ-тың Азаматтық авиациясы федералды агенттігі (FAA) ресми түрде хабарлағанын айтты.

FAA мәліметтері бойынша, ұшақ Канзастағы Вичита қаласынан Вашингтонға тұрақты рейс жасап тұрған.

Ұшақ түрі78 жолаушыға арналған Bombardier CRJ700.

Вашингтонда құлаған ұшақтың жолаушылар тізімінде 60 адам болды. Бұл туралы Reuters агенттігі American Airlines авиакомпаниясының дереккөзіне сілтеме жасап хабарлады.

Вашингтон аспаны астындағы ұшақ апатынан төрт адам аман қалған, олар ауруханаға жатқызылды, деп хабарлады NBC.

Айта кетейік, бұдан бұрын Оңтүстік Суданда ұшақ апатынан 18 адам қаза тапты, ал Оңтүстік Кореяда 170-тен астам жолаушысы бар ұшақ өртенген болатын.

Еске сала кетейік, 25 желтоқсанда Бакуден Грозныйға бет алған ұшақ Ақтау маңында апатқа ұшыраған еді.