Оңтүстік Суданда ұшақ апатынан 18 адам қаза тапты

Фото: freepik
Оңтүстік Суданда жолаушылар мінген ұшақ апатқа ұшырады. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер бар. Қайғылы оқиға туралы ақпаратты Miraya радиосы X әлеуметтік желісіндегі аккаунтында жариялады, деп хабарлады Elordainfo.kz.
БАҚ-тың хабарлауынша, 21 жолаушы мен экипаж мүшелері мінген ұшақ Оңтүстік Судандағы Unity мұнай кенішінен көтерілу кезінде апатқа ұшыраған, Апат салдарынан 18 адам қаза тапты. Үш адамның жағдайы ауыр.
Экипаж командирі мен екінші ұшқыштың қаза тапқаны айтылады.
Айта кетейік, кеше Оңтүстік Кореяда 170-тен астам жолаушысы бар ұшақ өртенген болатын.
Еске сала кетейік, 25 желтоқсанда Бакуден Грозныйға бет алған ұшақ Ақтау маңында апатқа ұшыраған еді.
Ұқсас жаңалықтар

3 қазан, 2025
Ғарышқа турист ретінде ұшатын тұңғыш қазақстандықтың есімі белгілі болды

1 қазан, 2025
Қырғызстанда өлім жазасы енгізілді

10 қыркүйек, 2025
«1,5 мың қазақстандық бар»: министрлік Дохадағы жарылысқа қатысты айтты

10 қыркүйек, 2025
«Біздің азаматтарымыз жоқ»: министрлік Непалдағы жаппай көтеріліске қатысты түсініктеме берді