Оңтүстік Кореяда 170-тен астам жолаушысы бар ұшақ өртенді

29 қаңтар, 2025
Салтанат Мұратқызы Салтанат Мұратқызы
views462
Оңтүстік Кореяда 170-тен астам жолаушысы бар ұшақ өртенді
Фото: Youhap News агенттігі

Сейсенбі күні кешке Air Busan ұшағы Сеулден оңтүстік-шығысқа қарай 320 шақырым жерде орналасқан Пусандағы Кимхэ халықаралық әуежайынан Гонконгқа ұшуға бет алған кезінде өртеніп кетті, деп хабарлады Elordainfo.kz Youhap News агенттігіне сілтеме жасап. 

Абырой болғанда, жолаушылар мен экипаж мүшелері дер кезінде эвакуацияланып, бәрі аман қалған. Ұшақ бортында 170-тен астам адам болды. Ал оттың неден тұтанғаны белгісіз.

Бүгін Пусанның өрт сөндіру бөлімі өрт кезінде алған жарақаттарына байланысты жеті адам ауруханаларда емделіп жатқанын хабарлады.

Айта кетейік, бір ай бұрын Оңтүстік Кореяның Муан қаласының әуежайында дөңгелегі ашылмай қонған ұшақ бетон қоршауға соғылғаннан кейін бірден жарылып, өртенген еді. Салдарынан 181 адамның тек екеуі ғана тірі қалды.