Пашинян сәуір соңында отставкаға кетеді
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Пашинян сәуір соңында отставкаға кетеді](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172111852821757007.webp)
Никол Пашинян отставкаға сәуірдің соңғы 10 күндігінде кететінін айтты. «Менің отставкамнан кейін жетінші күні парламентте жаңа премьердің сайлауы өтеді. Премьер-министр лауазымына менің кандидатурам «Менің қадамым» фракциясы атынан ұсынылады. Басқа фракцияның кандидаттары ұсынылмайды», - деді Пашинян парламентте өткен «үкімет сағаты» жиынында. Сонымен қатар Пашинян бұл сайлауда оны премьерлікке сайламайтынын растады. Одан кейін «Менің қадамым» фракциясының депутаттары оның кандидатурасын үкімет басшысы лауазымына қайтадан ұсынады. Бірақ Пашинянды тағы да сайламайды. Мұндай жағдайда премьер-министрдің екі рет сәтсіз сайлауынан кейін Арменияның заңнамасының талабы орындалады. Яғни бұдан кейін парламенттің кезектен тыс сайлауын өткізуге болады. Айта кетсек, 20 ақпан күні оппозиция жақтастары Ереванның орталығындағы Еркіндік алаңына митингке шығып, Никол Пашинянның отставкасын талап еткен болатын. Алаңда оппозициядан үкімет басшысы лауазымына үміткер Вазген Манукян өзінің жақтастарын егер Армения премьері бейбіт қозғалыстан кейін отставкаға кетпесе, көтеріліске дайын болуға шақырған.