Ердоған Зеленскиймен кездесуінде «Қырымға қатысты аннекцияны» мойындамайтынын мәлімдеді

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Ердоған Зеленскиймен кездесуінде «Қырымға қатысты аннекцияны» мойындамайтынын мәлімдеді
ашық дереккөз

«Біз Украинаның шығысындағы жағдай халықаралық заңнамаларға сәйкес, территория тұрақтылығы сақтала отырып, бейбіт жолмен шешіледі деп сенеміз. Жағдайды ушықтырмай, тез арада тоқтату керек. Біз оны бақылап отырмыз. Минск келісімшарты аясында шиеленіс бәсеңдеуі тиіс», - деді Ердоған.

Зеленский түркиялық әріптесіне Қырым түбегінде адам құқығы тапталғанын және онда әлі де милитандыру жалғасып жатқанын айтты. Сонымен қатар ол Ердоғанға «Қырым платформасы» форматына қосылуға дайын тұрғаны үшін ризашылығын білдірді. «Түркия Украинаның тәуелсіздігін, территориясының тұтастығын қолдайды. Біз тағы да Қырымның заңсыз аннекциясын мойындамайтынымызды көрсеттік. Сонымен қатар біз Украина жерін біріктіруге шақыратын Қырым платформасын қолдайтынымызды айттық», - деді Режеп Ердоған.