Елордадағы спорт кешенін онлайн аралауға мүмкіндік пайда болды (фото)

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елордадағы спорт кешенін онлайн аралауға мүмкіндік пайда болды (фото)
ашық дереккөз

Нұр-Сұлтан қаласында мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған Паралимпиадалық жаттығу орталығы жұмыс істейді. Халықаралық деңгейдегі мамандандырылған паралимпиадалық жаттығу орталығы 2018 жылы ашылған болатын. Орталықта 17 спорт түрі бойынша жаттығу тегін өткізіледі. Тренажер, жекпе-жек және ойын түрлері залдарынан тұратын ғимараттың жалпы ауданы – 4 682,7 шаршы метрді құрайды. Қазіргі таңда орталық  айына 3 400-ден аса  адамды қабылдайды. [caption id="attachment_73923" align="alignnone" width="1024"] Фото Нұр-Сұлтан қаласы Денешынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметінен[/caption] Аталған орталықты енді онлайн аралап, және қалаған спорт түріне жазылуға мүмкіндік бар. Орталық спортшылары мен қонақтарына арнайы виртуалды «3D тур» жобасын жасап шығарды. «3D тур» келушілерге үйден шықпай-ақ экскурсия өткізуге мүмкіндік береді. Оның көмегімен барлық бейімделген жаттығу залдарын, демалыс аймағын, медицина бөлмелерін, тамақтану алаңын, қонақ үй және басқа да орындарды көруге мүмкіндік бар. [caption id="attachment_73924" align="alignnone" width="1024"] Фото Нұр-Сұлтан қаласы Денешынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметінен[/caption] Сондай-ақ тур барысында спорт түрлері, тренажерлар, жаттығу залдары туралы бейнематериалдар да ұсынылған. Аталған орталықты басқарушы «Каспий» спортты дамыту қоры басшылығының айтуынша, «3D тур» жобасы мүмкіндігі шектеулі жандарға спортпен шұғылдануы үшін жағдай жасау мақсатында жасалуда. [caption id="attachment_73925" align="alignnone" width="1024"] Фото Нұр-Сұлтан қаласы Денешынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметінен[/caption] «Жоба бірінші кезекте біздің келушілерімізді ақпараттандыру, таныстыру және оларға қолайлы жағдай тудыру үшін жасалып отыр. 3D тур арқылы қаламыздың ғана емес, басқа аймақтардың мүмкіндіктері шектеулі тұрғындары біздің орталықты онлайн аралап көре алады. Бұл карантин кезінде орталықты көрігісі келетін адам санын азайтып, мекеме жұмысын оңтайландыруға септігін тигізеді. Және де осы жобыны тегін негізде жасап берген city360.kz компаниясына алғысымызды білдіреміз», - деді қордың атқарушы директоры Абдусаид Назаров.  [caption id="attachment_73926" align="alignnone" width="1024"] Фото Нұр-Сұлтан қаласы Денешынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметінен[/caption] [caption id="attachment_73928" align="alignnone" width="1024"] Фото Нұр-Сұлтан қаласы Денешынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметінен[/caption]