Ерболат Жүсіпов: Рамазан айында ауызашар қоржындары беріледі
15 тамыз, 2024
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Ерболат Жүсіпов: Рамазан айында ауызашар қоржындары беріледі](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172111867019818395.webp)
ашық дереккөз
«Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы сақтық шараларына жіті мән беруге шақырады. Мешітке келуші адам намаз оқуға, құран оқытуға немесе неке қидыруға келеді. Осыған қатысты діни басқарманың өз талаптары бар. Бірінші, намаз оқитын орынға, ауызашарға байланысты тәртіпке келер болсақ, бес уақыт намаз тек жекеленген түрде оқылады. Жамағатпен намаз оқылмайды. Мешіттің есіктері ашық, әрбір мешітке келуші жеке өзі құлшылық ете алады. Жанындағы адаммен ара қашықтық міндетті түрде 2 метр болу керек. Сақтық шарасы ең маңызды мәселенің бірі. Мешітке келушілерде бетперде болуы бізде күн тәртібінен қалмайтын мәселе. Ораза ұстаған адамдарға мүмкіндігінше ауызашар қоржынын ұйымдастырып беру мәселесіне Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас муфти Наурызбай қажы Тағанұлы барлық өңірдегі мешіттердің мән беруін басты қағида етіп ұстануда. Алдағы таңда әкімдікпен бірлесе отырып мешіт жамағаты мен еріктілердің көмегі арқылы ауызашардың арнайы қорапшаларын жеткізетін боламыз», — деді бас имам.
Ұқсас жаңалықтар