Биыл Рамазан айы 13 сәуірде басталады

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Биыл Рамазан айы 13 сәуірде басталады
ашық дереккөз

«2021 жылы діни мереке - қасиетті Рамазан айы 13 сәуір мен 12 мамыр аралағында өтеді. Мамыр айының 8-нен 9-ына қараған түні қасиетті Қадір түні. 13 мамыр күні Ораза айт мерекесі аталып өтіледі. Өздеріңіз білетіндей, санитарлық эпидемиологиялық жағдайға байланысты барлық мешіттерде дәстүрлі тарауих намазы мен жұма намаздары, ауызашар рәсімдері өткізілмейді. Қазіргі таңда Нұр-Сұлтан қаласының Дін істері жөніндегі басқармасы мен Қазақстан мұсылмандар діни басқармасының Нұр-Сұлтан қаласы бойынша өкілдігі мен тиісті мемлекеттік мекемелермен бірлесіп дайындық жұмыстарын өткізуде. Сонымен қатар орталықтандырылған тегін іKomek 109 нөмері арқылы сіздер Рамазан айына қатысты сұрақтар мен барлық ұсыныстар бойынша хабарласуларыңызға болатынын мәлімдеймін», — деді Нұрдәулет Альмуханов.