Елорда эпидемиялогиялық жағдай бойынша «қызыл» аймақта

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елорда эпидемиялогиялық жағдай бойынша «қызыл» аймақта
ашық дереккөз

«Нұр-Сұлтан қаласында коронавирустық инфекция бойынша эпидемиялогиялық жағдай тұрақсыз болып тұр. Эпидемиялогиялық жағдайды бағалау матрицасы бойынша қаламыз 1 ай "қызыл" аймақта тұр. Күніне 350-ден 580-ге дейін жағдай тіркеледі. Соңғы аптада сырқаттану көрсеткіштері алдыңғы аптаның деңгейінен 12 пайызға жоғары. 100 мың тұрғынға шаққанда қарқынды көрсеткіш 250,8-ді құрайды, репродуктивді сан 1-ден асады. Осы жылдың басынан бері қала бойынша сырқаттанғандар саны 15 мыңнан асты. Пандемия басталғалы 34 453 жағдай тіркелді. Оның ішінде 22 254 симтомдары бар, 12 199 симптомсыз. Жас құралымы бойынша сырқаттанушылықтың ең жоғары деңгейі ересектер арасында тіркеледі. Олар жалпы сырқаттанушылықтың 80 пайызын құрайды. Балалар үлесі 17 пайыз және жасөспірімдер 3 пайызды құрайды. Сондай-ақ ересектер арасында 30-39 жас аралығындағы топ инфекциясы өте сезімтал, олар ересектердің жалпы сырқаттанушылық құралымында 24 пайызды құрайды. Соңғы аптада егде жастар арасындағы коронавирустық инфекция жағдайы 2 пайызға өсті», — деді ол.