Кевин Уорвик: Жасанды сана – адам санасының бәсекелесі емес, толықтырушысы
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Кевин Уорвик: Жасанды сана – адам санасының бәсекелесі емес, толықтырушысы](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172111865348950962.webp)
Британдық кибернетик ғалым және әлемдегі алғашқы киборг Кевин Уорвик жасанды сана адам санасының бәсекелесі емес, керісінше, оны толықтырушы екенін атап өтіп, оның медицина саласындағы маңыздылығын айтты. «Мен бойымдағы чипті басқара отыра, жасанды сананың адамның санасын алмастырмай, толықтыратынын көрдім. Сана дегеніміз – үлкен көлемдегі мәліметтер жүйесі. Технологияның өзіндік санасы жоқ, оны медицинада белсенді қолдануға болады, өйткені жасанды сананың артықшылықтарының бірі – көп мөлшердегі ақпаратты талдау арқылы ауруды болжай білуі», - деді ол. Технологияның көптеген артықшылықтары бар деп пайымдайтын израильдік компьютер ғалымы Майкл Бронштейн, адамдар жасанды сананы денсаулық сақтау саласында қажетінше пайдалану керек деп айтылған тұжырыммен келісетінін білдірді. «Технология жаңа есіктер мен жаңа мүмкіндіктерге жол ашады. Жасанды сананы қолданудың артықшылығы тек оның нәтижелерін болжап, ауруларды емдеу қабілетінде ғана емес, сонымен қатар адамдарға ұзақ және салауатты өмір сүруге мүмкіндік беретін алдын-алуды қамтамасыз ету болып саналады», - деді Бронштейн.