Қазақстан мен ЕуроДДҰ елдері коронавирус пандемиясымен күрестегі тәжірибелерімен бөлісті

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Қазақстан мен ЕуроДДҰ елдері коронавирус пандемиясымен күрестегі тәжірибелерімен бөлісті
ашық дереккөз

Іс-шара барысында мүше мемлекеттер мен ДДҰ қызметкерлері арасында «МСАК әлеуетін іске асыру: COVID-19 пандемиясы кезінде алынған сабақтар және олардың ДДҰ Еуропалық аймағындағы болашақ жұмыс бағыттары үшін маңызы» жұмыс құжатын қарау бойынша сындарлы пікір алмасу өтті. Өз сөздерінде барлық қатысушылар жалпы және төтенше жағдайлар кезеңінде азаматтардың денсаулығын қамтамасыз ету үшін МСАК-тың маңызды рөлін қозғады. «Бастапқы буындағы медициналық ұйымдар эпидемиологиялық қадағалау, тестілеу, байланыстарды қадағалау, жеңіл және симптомсыз пациенттерді жүргізу және оларды оңалту іс-шараларын ғана орындап қоймай, төтенше жағдайлар кезінде халықтың негізгі денсаулық сақтау қызметтеріне үздіксіз қол жеткізуін қамтамасыз етеді», - деп атап өтті Ажар Ғиният. Іс-шара елдер арасындағы диалог алаңына айналды, онда әрбір адам COVID-19 пандемиясымен күресте ұлттық деңгейде алғашқы медициналық-санитариялық көмектің атқарған рөлі туралы, сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы алдағы қауіп-қатерлер мен төтенше жағдайларға одан әрі дайындалуға мүмкіндік беретін алынған сабақтар туралы өз пікірін білдіре алды. Сонымен қатар, төрағалық етуші тарап атап өткендей, Қазақстан Астана декларациясын және МСАК операциялық тетігін іске асыруды жалғастыруды, денсаулық сақтау қызметтерімен, оның ішінде төтенше жағдайлар кезінде жаппай қамтуға бағдарланған МСАК әлеуетін дамытуды ұсынады. ДДҰ өкілдері, соның ішінде Алматы қаласындағы ДДҰ-ның алғашқы медициналық-санитарлық көмек жөніндегі географиялық жағынан қашық орналасқан офисінің басшысы Мелитта Якаб ханым және оның командасы МСАК-ты дамытудың одан арғы бағыттары туралы өз пікірлерін білдірді. Олар мультидисциплинарлық командалардың рөлін, ауылдық өңірлердегі БМСК ұйымының ерекшеліктерін, кадр ресурстарының әлеуетін арттыру жолдарын, халықтың осал топтарын қолдаудың маңыздылығын, сондай-ақ еларалық үздік тәжірибелермен алмасу мүмкіндігін атап өтті. Кездесу соңында А.Ғиният МСАК әлеуетін іске асыру туралы жұмыс құжаты, сондай-ақ оның негізінде жасалған қарар ДДҰ Еуропалық өңірі елдеріне МСАК-ты ұлттық және өңірлік деңгейлерде күшейтуді жалғастыруға көмектесетініне сенім білдірді. Қазақстан атынан денсаулық сақтау вице-министрі кездесудің барлық қатысушыларын осы тақырыпта диалогты жалғастыруға және сәуір айының соңында ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің денсаулық сақтау министрлері кеңесіне, сондай-ақ маусым айының басында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ассамблеясының алдағы 74-ші сессиясы шеңберінде сайд ивентке қатысуға шақырды.