Наурыз айында тұрғын үй бағасы қалай өзгерді

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Наурыз айында тұрғын үй бағасы қалай өзгерді
ашық дереккөз

Бұл ретте жаңа тұрғын үйді сату бағасы 0,5%-ға өсті. Абаттандырылған тұрғын үйді жалдау ақысы 0,6%-ға жоғары болды. Бюроның мәліметінше, республика бойынша бастапқы, таза әрленген пәтердің жалпы алаңының бір шаршы метрі үшін орташа құны 324 493 теңгені құрады. "Қайталама" тұрғын үйдің шаршы метрі наурыз айында орташа есеппен 257 336 теңге болды. Жалдау ақысы - бір шаршы метр үшін 1 725 теңге. Статистикалық мәліметтерден 2021 жылғы қаңтар-наурызда өсім 2020 жылғы қаңтар-наурызбен салыстырғанда бастапқы тұрғын үй құнының 7,9%-ын, қайталама - 20,2%-ын, жалдау ақысының 10,6%-ын құрағанын көруге болады.