6 пайыздық өсім: ХВҚ әлемдік экономиканы қалыпқа келтіру жөнінде болжам жасады
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![6 пайыздық өсім: ХВҚ әлемдік экономиканы қалыпқа келтіру жөнінде болжам жасады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/17211186784975042.webp)
Сарапшылардың айтуына қарағанда, қаңтар айындағы есеппен салыстырғанда бұл жолғы болжамның жақсаруы АҚШ және COVID-19-ға қарсы вакцинация жөніндегі компаниялары тарапынан қаржылай қолдау болғандығымен байланысты. Дегенмен әлі де кейбір бағыт бойынша белгісіз тұстар бар. Оның бәрі пандемиямен күреске кететін шығынға байланысты болмақ. Халықаралық валюта қорының мәліметіне сүйенсек, вакцинация экономикалық белсенділікті осы жылдың екінші жартысында қалыпқа келтіруге мүмкіндік береді. Алайда сарапшылар қауіптің әлі де сейілмегенін айтады. «Егер вирустың жаңа штаммдары вакцинаның әсеріне сенімсіздік танытса, көрсеткіштің бірден төмен түскенін күтуге болады. Бір жағынан егер вакцинация жоғары қарқынмен жүргізілсе, болжам қазіргіден де жақсара түсуі мүмкін», - деді Халықаралық валюта қорының жетекші экономисі Гита Гопиант. Тәуекелдің екінші факторы – қаржылық жағдай. Халықаралық валюта қоры өкілдерінің сөзінше, экономикасын тез арада қалыпқа келтіріп жатқан елдер пайыздық көрсеткішті көтеруде. Осылайша сол елдердің билігі инфляцияны тұрақты ұстап қалмақ. «Бірақ бақылаусыз көтерілген пайыздық көрсеткіштер алдағы уақытта әсіресе дамушы елдерде кері әсерін тигізуі мүмкін», - деді Гопиант. ХВҚ сарапшылары барлық елдің үкімет мүшелерін қазіргі жағдайды бақылауда ұстап, экономиканы барынша қолдауға, босаңсымауға шақырды. Сарапшылар өздерінің баяндамаларында пандемияның салдарынан әсіресе туризм мен экспортқа, шикізатқа тәуелді елдердің зардап шеккенін атап өтті. Экономиканың күрт төмендеп кетуі белгілі бір топтарға, соның ішінде жастар мен әйелдерге ауыр соққы болып тигенін жеткізді. ХВҚ мәліметінше, кедейшілікте өмір сүретін адамдар қатарын былтыр қосымша 95 млн адам толықтырыпты. Халықаралық валюта қорының болжауынша, биыл мұнай бағасы өткен жылмен салыстырғанда 30 пайызға өседі. Сонымен қатар өсімдік майының бағасының қымбаттауына байланысты сусындар мен өзге де азық-түлік бағасының индексі 20 пайызға көтерілген.