Әлемдегі ми-компьютері сымсыз интерфейсінің сынағы сәтті аяқталды
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Әлемдегі ми-компьютері сымсыз интерфейсінің сынағы сәтті аяқталды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172111867315826243.webp)
Олар бұл құрылғыны сынақтан жартылай үй жағдайында өткізген. Бұл – нейротехнология саласындағы белгілі BrainGate жобасы. Бұрын бұл құрылғылар сыммен болған. Енді алға қарай үлкен қадам жасаған ғалымдарға мұны толықтай сымсыз етіп жасап шығарды.
BrainGate – амиотрофикалық склероз бен жұлыны жараланған адамдарға және басқа да ағзаның қызметін бақылау қабылетінен айырылған науқастарға арналған ми имплантаты, яғни ми қондырғысы. Мұндағы датчик арқылы миға әсер етіп, компьютер көмегімен науқастың бас миын бақылауға болатын көрінеді.
Құрылғының шағын қорабы бар. Оның салмағы шамамен 43 келі. Онда аккумулятор мпн сымсыз байланыс модулі және қондырғы мен бас мидың қабығын жалғағыш электродтар орнатылған.
Сынақтан өтуге жақтан төмен қарайғы мүшелері сал ауруына шалдыққан екі науқас қатысқан. Олардың сынағы сәтті әрі тез аяқталған көрінеді. Бұдан бөлек, пандемияға байланысты тесттердің кейбір бөлігін үй жағдайында тапсыруға тура келген. Дегенмен осының арқасында ғалымдар науқастардың ми белсенділігі туралы ақпаратты тәулік бойы үзіліссіз анықтауға мүмкіндік алған.
Алайда Браун университетінің жобасы жалғыз жоба емес. Бұл саладағы ең танымал жоба болып Neuralink саналады. Ол – Илон Масктың кезекті жобаларының бірі.
Сарапшылардың пікірінше, BrainGate пен Neuralink ми-компьютері интерфейстерінің ұқсас тұстары да бар. Бірақ айырмашылықтары да жоқ емес. BrainGate жобасы анағұрлым шынайырақ деседі. Өйткені ол адамдарға сынақ жүргізіп, сертификатталған. Ал Neuralink жобасы әзірге тек маймылдар мен доңыздарға ғана сынақ жүргізіпті.