Батыр Жүкембаев пуэрторикалық боксшымен жекпе-жек өткізеді
15 тамыз, 2024
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Батыр Жүкембаев пуэрторикалық боксшымен жекпе-жек өткізеді](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172111867827085263.webp)
ашық дереккөз
Отандық спортшының қарсыласы Пуэрто-Рико өкілі Сабриэль Матиас (16-1, 16 КО) болмақ. Кездесу Showtime телеарнасындағы бокс шоуының аясында өтеді. Жүкембаев — Матиас жекпе-жегі бірінші жартылай орта санаттағы әлем чемпионы титулына міндетті үміткерді анықтау үшін IBF-тің «төрт турнир» бөлігі ретінде жоспарланған. Тағы бір «жартылай финалда» британиялық боксшы Льюис Ритсон (21-1, 12 КО) және аргентиналық Йеремиас Понсе (27-0, 17 КО) кездеседі. Айта кетейік, Батыр үшін алдағы жекпе-жек АҚШ-тағы дебюті болмақ. Қазақстандықтың барлық алдыңғы жекпе-жегі Канадада өткен болатын.
Ұқсас жаңалықтар