ҚР Қорғаныс министрлігі ҰОС жылдары із-түссіз кеткен қазақстандық жауынгерлердің с.йектерін іздестіруді жалғастыруда

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
 ҚР Қорғаныс министрлігі ҰОС жылдары із-түссіз кеткен қазақстандық жауынгерлердің с.йектерін іздестіруді жалғастыруда
ашық дереккөз

Павлодар қаласының «Майдан жолы» іздестіру жасағы 1941-1945 жылдары Норвегия еліндегі фашистік концлагерлерінде қаза тапқан тұтқындар туралы жаңа деректер тауып отыр. Сонымен бірге аласапыран жылдары хабарсыз кеткен жауынгерлер туралы көптеген қате мәліметтерді түзеудің де мүмкіндігі анықталуда. Соның бір мысалы, соғыс кезіндегі Смоленск облысы Урган ауданы Крутая ауылында орналасқан әскери госпитальдің зиратында жерленген қазақстандықтар да белгілі болды. Ал биылғы 19 наурызда «Майдан жолы» іздестіру жасағымен Воронеж облысы Луки ауылы Тихая Сосна өзенінің жайылма алқабында Ил-2 шабуылдайтын ұшағының атқышы кіші сержант Борис Моисеевич Водовоздың (1923 т.ж., Павлодар АӘК шақырылған, әкесі Моисей Фроймович Водовоз, мекенжайы: ҚазССР, Павлодар қ,) сүйегі табылып, туыстары іздестірілуде. «Қосымшада көрсетілген деректері жаңадан белгілі болған Ұлы Отан соғысы жылдары қаза тапқан және іс-түссіз кеткен қазақстандық жауынгерлердің туыстары табылған жағдайда сүйектерін туған жеріне әкелу мәселелері бойынша Павлодар қаласы «Майдан жолы» іздестіру жасағының командирі А. Шитовпен (б.т: 8-777-461-73-78) хабарласуына болады», - делінген ақпаратта.