Қазақстандық спортшылар жүзуден Ресей біріншілігінде бақ сынайды

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Қазақстандық спортшылар жүзуден Ресей біріншілігінде бақ сынайды
ашық дереккөз

Татарстан астанасы Қазанда 3-9 сәуірде жүзуден Ресей біріншілігі өтеді. Аталған бәсекеге Олимпиада чемпионы Дмитрий Баландин, сондай-ақ Александр Варакин, Аделаида Пчелинцева, Әділ Қасқабай және Әділбек Мусин Қазақстан сапынан қатысады. Қазіргі Ресей чемпионаты FINA-мен Токиодағы Олимпиада ойындарының стандарттарына сай келетін іріктеу жарысы ретінде бекітілген. Жарыстың бірінші күні Аделаида Пчелинцева (50 м брасс әдісімен), Әділ Қасқабай (50 м арқамен жүзу) және Дмитрий Баландин (100 м брасс) бақ сынайды. Әйелдер арасында 50 метрге брасс және ерлер 50 м арқамен жүзу, сондай-ақ ерлер арасында 100 м қашықтықтағы жартылай финал мен финалдан тұратыр кешкі сессия Нұр-Сұлтан уақытымен 21:00-де басталады.