Мәжілісмен Байқоңырға байланысты Үкімет басшысына депутаттық сауал жолдады

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Мәжілісмен Байқоңырға байланысты Үкімет басшысына депутаттық сауал жолдады
ашық дереккөз

Депутаттың сөзінше, халық қалаулыларына Байқоңыр космодромы қызметіне қатысты мәселелер жөнінде өңір тұрғындарынан көптеген өтініш-тілектер түседі. Оның айтуынша, азаматтар әсіресе космодромның қоршаған ортаға жағымсыз әсерінің салдарынан өңірде жүйке жүйесі мен онкологиялық аурулар деңгейінің артқанына алаңдаулы. Бұл ретте ол Қарағанды олысының да республика бойынша онкологиялық ауру бойынша алғашқы бестікке кіретінін атап өтті. Байқоңыр космодромынан ұзақ уақыт бойы "Протон", "Циклон", "Днепр", "Циклон-М" зымырандарының ұшырылып келгенін айтқан Арман Қожахметов аталған зымырандардың қозғалтқышында сұйықтық ретінде симметриялы емес диметилгидразин мен гептил қолданылғанын жеткізді. Ал гептилдің ең қауіпті зат екені, оның бір литр суға микрограмының өзі араласса, адам өліміне алып келетіні белгілі. «Гептил қоданылатын қозғалтқышты зымырандармен оқу-жаттығу сынақтарын өткізетін орындарға зерттеу жүргізген ресейлік ғалымдардң пікіріне сәйкес, зымырандардың алғашқыда ұшқындары түсетін аудандардағы қоршаған ортаға шынымен де қауіп төндіреді. Сумен араласып жер қыртысына сіңген гептил жерасты суына жетсе, су құбырына да оңай түсіп, жергілікті тұрғындардың үйіне де жетуі мүмкін. Бір жағынан бұл адамдардан бөлек, өсімдіктерге де зиянды», - деді депутаттық сауалында Арман Қожахметов ҚР Премьер-министріне. Сонымен қатар сарапшылардың пікіріне сүйенген депутат Байқоңырдан ұшырылған алғашқы ғарыш кемесінен бастап (1959 жылдан бастап) Қазақстан аумағына және Алтай өлкесіне 600-ден аса зымыранның ұшқыны құлағанын атап өтті. Оның айтуынша, жоғары токсинді «қоқыстың» жалпы салмағы үш мың тоннадан асады. Мәжілісменнің мәліметінше, Қазақсан аумағында соңғы 10  жылда үш апатты жағдай орын алған (әртүрлі отынның төгілуі). Олар: 2006 жылы "РС-20" ("Днепр") баллистикалық зымыраны, 2007 және 2013 жылдары РН "Протон-М". Сонымен қатар 2018 жылы Ұлытау ауданы аумағына "Союз-ФГ" мен "Союз МС-10" апатты жағдайда түскен. «Қазақстандық ғалымдардың пікірінше, Ресей тарапы қаржыландырған зымырандардың апатты жағдайынан зардап шеккен орындарды қалпына келтіру бағдарламасы үш жылға шақталған. Көпжылдық экологиялық зерттеулерге сәйкес, зымырандардың апатты жағдайынан кейін сол орынды қалыпқа келтіру үшін кемінде 10 жыл керек екенін қазақстандық ғалымдар дәлелдеген. Бұл уақытта қоршаған ортаны ұдайы бақылауда ұстау керек», - деді депутат. Арман Қожахметов бүгінде әзірге зымыран отындарыны комронентін залалсыздандыру бойынша тиімді тәсілдің әлі де табылмағанын, дегенмен бұл жөніндегі алғашқы жұмыстар өткен ғасырдың 80-жылдарында басталғанын атап өтті.