Елордалық спортшы гір көтеруден Қазақстан рекордын жаңартты

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елордалық спортшы гір көтеруден Қазақстан рекордын жаңартты
ашық дереккөз

Чемпионатқа еліміздің әр өңірінен 200-ден астам спортшы қатысты. Елордалық спортшы Ақмарал Зупар салмағы 24 кг салмақты 201 рет көтеріп, ел рекордын жаңартты. 68 кг салмақ дәрежесінде ол жарыстың алтын медалін жеңіп, еліміздің үш дүркін чемпионы атанды. Ақмаралдың жеке жаттықтырушы Серік Абдахиннің айтуынша, бұл нәтиже әлемдегі үздіктер қатарына кіреді. «Бұған дейін еліміздің рекордын әлемнің 10 дүркін чемпионы Татьяна Потемкина иеленген болатын. Ол 183 рет көтерген. Енді оның жетістігін қызымыз жеңіп отыр. Бұл әр баланың қолынан келе бермейді. Спортшыма ризамын. Алдағы сәуір айында Ташкентте өтетін Азия чемпионатында да жоғары деңгейде өнер көрсететінімізге сенімдімін», - деді жаттықтырушы. Айта кетейік, 18 жастағы спортшы 14 жасында халықаралық дәрежедегі спорт шебері атағын алған болатын.