00:00
Астана -10oC
Іздеу RU

«Open Space». Елде әділ бәсекелестік орнату мәселелері онлайн жиында талқыланды

14 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
«Open Space». Елде әділ бәсекелестік орнату мәселелері онлайн жиында талқыланды
ашық дереккөз

«Біз Мемлекет басшысы жариялаған «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидатын жүзеге асыру және монополияға қарсы органның ақпараттық ашықтық деңгейінің сауалы өзгеруіне байланысты жаңа байланыс құралы ретінде жарияладық. Сонымен қатар біздің жұмысымыздың басты міндеті – елдегі әділ және адал бәсекелестікті дамыту, ықпал ету болып саналады», - дейді департамент басшысы Абзал Әбдікәрімов.

Ол өз сөзінде жұртшылықты мынадай проблемалардың шешілуіне бірлесіп үлес қосуға шақырды: «Осыған байланысты біз бизнес қауымдастықты, сарапшыларды, қарапайым тұтынушыларды бәсекелестік саясатының негізгі бағыттарын әзірлеуге белсенді қатысуға және бәсекесінің артуына үлес қосуға шақырамыз. Сіздермен түйткілді проблемаларды, ұсыныстарыңызды бірлесіп талқылауға дайынбыз. Монополияға қарсы органның қызметкерлері монополияға қарсы сәйкестік актілерін, баға белгілеудің ашық механизмін айқындауға және тауарларды сатудың жемісті тұстарын қамтамасыз етуге бағытталған сауда-саттық саясатын әзірлеуге құқықтық және консультациялық кеңес беруге дайынбыз. Біз алдағы уақытта тауар нарықтарында қатысушылармен кедергілер картасын құруды жоспарлап отырмыз», - дейді ведомство басшысы.