Ташкентте «Abai Uii» қазақ мәдени-іскерлік үйінің салтанатты ашылуы өтті
Іс-шараға ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Этносаралық қатынастарды дамыту комитеті төрағасының орынбасары Еркін Үйсімбаев, ҚР Сыртқы істер министрлігі Консулдық қызмет Департаментінің кеңесшісі Бауыржан Тоққұлов, «Отандастар қоры» КеАҚ вице-президенті Мағауия Сарбасов, Өзбекстандағы қазақ мәдени орталығының төрағасы Серікбай Үсенов, Қазақстанның Өзбекстандағы елшілігінің кеңесшісі Руслан Дүйсенов, сондай-ақ Өзбекстандағы қазақ қауымының өкілдері және т. б. қатысты.
Іс-шара аясында «Abai Uii» қазақ мәдени-іскерлік үйінің тұсаукесері өтті, сондай-ақ Өзбекстандағы қазақ қоғамдастығының мәдени, іскерлік және білім беру қызметін қолдауға бағытталған бірлескен жобаларды іске асыру мәселелері талқыланды.
«Отандастар қоры» КеАҚ шетелде «Abai Uii» қазақ мәдени-іскерлік үйлерінің желісін ашу жұмысын жалғастыруда. Өткен аптада Омбы қаласында (РФ) «Abai Uii» қазақ мәдени-іскерлік үйінің ашылуы ұйымдастырылды. Жыл соңына дейін Бішкек қаласында (Қырғызстан), Берлин қаласында (Германия), Ыстамбұл қаласында (Түркия) тағы 3 «Abai Uii» қазақ мәдени-іскерлік үйінің ашылуы жоспарланып отыр.